Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

24 қазан кітапханашылар күніне орай Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырумен аудандық мәдениет үйінде «Kitap Fest - Kitaphanashy Best – 2023» дәстүрлі аудандық кітапханашылар фестивалі өтті.

Айтулы шараға мәслихат төрағасы С. Социал, аудан әкімінің орынбасары О. Стыбаев, "Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары" бөлімінің басшысы С. Ахмедия, Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры А. Шаймуханбетова және орынбасары Г. Умбединова, Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының директоры Б. Уатаева арнайы келіп қатысып кітапханашыларды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, Фестиваль аясында қызметшілердің кәсіптік беделін арттыруға және кітапхана кәсібінің дамуына өңірлік кітапханашылардың имиджін нығайту, ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған жыл бойы өткізілген кітапханашылар арасында республикалық, облыстық, аудандық, байқаудың қорытындысы бойынша, аудан әкімінің "Құрмет грамотасымен" және "Алғыс хатымен", Қарағанда облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хатымен», «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінінің кәсіптік одағы» «Құрмет грамотасымен Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хатымен», «Үздік кітапхана»,«Үздік ұжым»,«Ізденімпаз кітапхана», «Шығармашыл кітапхана» номинациясымен кітапханашылар марапатталды және ақшалай сертификатқа ие болды. Биылғы жылдың атаулы мерейтой иелерінің қалам алды туындылары "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында жазушы Т. Әбдіктің"Оң қол " шығармасы, ақын-жазушы С. Торайғыровтың 130 жыл толуына орай "Қамар сұлу" драмасы, жазушы Т. Ахтановтың 100 жыл толуына орай "Махаббат мұңы" шығармасына, Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» атты шығармасынан кітапханашылар тарапынан дайындалған театрландырылған қойылым қойылып көрермендер қошеметіне бөленді. С.Мұхамеджанов атындағы өнер мектебінің өнерпаздарының орындауында әсем әндер айтылып, қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.