Кәмел Жүністегінің туғанына 85 жыл
-
Күні: 26:01:24
-
Оқиға орны: Жангутты би 39
Бүгін аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен елімізге белгілі жазушы, өлкетанушы, жерлесіміз Кәмел Жүністегінің туғанына 85 жыл толуына орай"Қаламынан сыр шерткен жазушы"атты әдеби вернисаж өтті.
Аудан орталығындағы агротехникалық колледжі қабырғасында өткен әдеби кешке оқу ордасының ұстаздары мен студенттері қатысты. Айтулы шарада колледж және аудан кітапханашылары тарапынан қарымды қаламгердің өмір жолы мен шығармалары туралы мәліметтер беріліп, кітап көрмесі таныстырылды. Өлке жазушысы туралы маңызды деректер алып, естелік сыйлықтарға ие болған қатысушылар, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.