Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Сәкен Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрында мәдениет және өнер қызметкерлеріне арналған Қарағанды облысының әкімінің сыйлығымен марапаттау салтанаты өтті.

Шарада облыс әкімінің тағайындаған « Үздік ауыл кітапханашысы » номинациясымен қомақты қаржылай сыйақысына «Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-не қарасты Ақой ауылдық кітапханасының кітапханашысы Шолпан Ахметбекова иеленді. Шараға Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Самат Аманжолұлы бастап, орталық кітапхана қызметкерлері, өз тараптарынан гүл шоғын ұсынып, құттықтауларын білдіріп, қолдау көрсетті. Кітапханашы мәртебесін көтерген салтанатты іс шарада үлкен марапатқа ие болған әріптесімізге зейнеткерлікке шығар алдындағы марапаты құтты болсын демекпіз!

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Мәдениет: Кітап. Білім.Тіл» тақырыбындағы OPENAIR фестивалі өтті. Фестивальға «Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ- нің директоры Меирамгуль Сансызбайқызы қатысты.Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне «Алғыс хат» табыс етті.