Ұранды елдің ұрпағы қайсар
-
Күні: 05:05:23
-
Оқиға орны: Жангутты би 39
«Ұранды елдің ұрпағы қайсар» 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай, аудандық орталық кітапханада «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты ерлік сағаты өткізілді.
Аталмыш шараға ауданымыздың қадірлі ақсақалы, зейнеткер Сияз Алибаев, Шет аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім капитаны Ермек Абдуллин, Ж. Ақылбаев атындағы мектеп гимназиясының «Жас сарбаз» сыныбы және жетекшісі Саят Жұмажанұлы, ауданымыздың жас буыны Отан алдындағы борышын өтеп келеген жас сарбаз Нұргелді Жұмагелдіұлы, Ы. Алтынсарин атындағы мектеп жанындағы интернат тәрбиешісі мен оқушылары келіп қатысты. Шараның шымылдығы Мәдениет үйінің қызметкері Әжібек Ержанның орындауындағы патриоттық әнмен ашылды. «Ел ұландары-сарбаздары», «Ұлы жеңіс ұрпаққа аманат» атты кітап көрмелері таныстырылып, Отан қорғаушылар күнінің тарихы жайлы және Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп жаумен жан аямай шайқасқан батырлардың ерліктері туралы ақпарат берілді. Шараға қатысушы қонақтарға сөз беріліп, Отан қорғаушылар күнінің тарихы жайлы және 9 мамыр – мереке ғана емес, бұл халықтың батырлығы, бұл жанкештілікпен жеңіске жету жолындағы ерен еңбек, біздің азаматтық парызымыз – бұл күнді мәңгілік есте сақтау, отанды сүю, елдің, жердің адал перзенті болу екендігі туралы айтып өтті. Кеш соңында кітапхананың директорының орынбасары Досанова Рыскүл Досанқызы сөз сойлеп келген қонақтарға, іс шараға қатысушы оқырмандарға жылы лебізін білдіріп Сияз атаның ыйығына шапан жауып сый құрмет көрсетіліп, кітапхананың қызметкері Молдабеков Думанның орындауындағы патриоттық ән орындалып шара өз мәресіне жетті.
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.
Ұлы Жеңістің маңызын сары майдай сақтап, өкшелеп келе жатқан өскелең ұрпаққа асыл мұра, қымбат