Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы

Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы

5 қазан ұстаз күніне орай аудандық орталық кітапханада «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» атты Ы.Алтынсарин мектебінің ұлағатты ұстазы Фариза Шәкішқызымен сыр – сұхбат өткізілді.

Шара аясында «Ұстаз дегенжарық күні ғаламның» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиограф Құнанбаева Маржан шолу жасады.Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мардымды жауап алынды.Ұстаздық жолы жайлы сыр шерткен «Ұстазым менің Ұстазым» атты бейне слайд көрсетілді.
Ұстаз бойындағы қасиеттер жөнінде сауалнама қойылып оқушылар жауап берді. Сұхбат барысында Фариза Шәкішқызы балалық шағы,отбасы, еңбек жолындағы қызықты естеліктермен бөлісті. Мерейлі мерекемен тұспа тұс келген 60 жас мерейтойымен ұлағатты ұстазымызды кітапхана ұжымы құттықтап сый құрмет көрсетті.