Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Үздік жас кітапханашы - 2023

Үздік жас кітапханашы - 2023

023 жылғы 6 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасында «Үздік жас кітапханашы - 2023» республикалық байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Қазақстанның 14 облысында өткен байқаудың бірінші кезең жеңімпаздары «Үздік жас кітапханашы - 2023» республикалық қорытынды байқауының қатысушылары болды.
Байқау: қатысушының алдын-ала дайындалып, жіберілген кәсіби материалды қорғауы; Ұйымдастыру комитеті әзірлеген тапсырмаларды орындауы; кәсіби шеберлік пен дағдыларды меңгеру дәрежесін көрсетуі; туған өлкесіне арналған шығармашылық өнері сияқты кәсіби және шығармашылық бөлімдерден тұратын бес кезеңді қамтыды.
Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың жұмыстары мен өнерлерін бағалап, жеңімпаздарды анықтады.
«Үздік жас кітапханашы - 2023» республикалық байқауына Қарағанды облысы атынан қатысып
I орын алғанәріптесіміз Нұрахметов Азамат Амантайұлын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!