Заманауи кітапхана-ақпарат пен білім ордасы
-
Күні: 27:04:23
-
Оқиға орны: Жангутты би 39
2023 жылдың 26 сәуірінде Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің биылғы жылдың жоспарына енгізілген. «Заманауи кітапхана-ақпарат пен білім ордасы» атты кең көлемді тақырыпта семинар өтті. Семинардың басты мақсаты: Ауыл, кент кітапхана қызметкерлерінің атқарған жұмыстарын қортындылау, жаңаша іс шаралармен тәжірбие алмасу. Болашақта жаңа технологиямен жабдықталған заманауи кітапханалармен ұлы мақсаттарға жетелейтін жаңаша идеясын жүзеге асыратын, оқырмандарын мәдениет көшінен қалдырмай, тәрбиелі, білімді, көзі ашық ұрпақ тәрбиелеу, кітапхана қызметкерлерінің абыройлы міндетті екенін ұғындыру.
Семинар барысымен Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ директоры М.Нурпеисова кіріспе сөзімен бастады. Сонымен қатар, ауыл, кент кітапханашылардың І-тоқсандық жұмыстарын қорытындылау, байқау(«Үздік кітап көрмелері – 2023» көрме байқауына қатысу жөнінде) бойынша әдістеме бөлімінің әдіскері Дина Жолдыбекова түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда елімізде кітапхана ісі мамандарын даярлайтын іргелі оқу орындары көптеп саналады, аталмыш оқу орындарын бітірген жас мамандар өз бітірген салалары бойынша маман болып қалыптасып, жанашырлықпен еңбек етуде. Сол кезде ғана мамандық өз құндылығын көтереді. Ал кітапханашы кітап қарауылы емес, сол кітаптарды және елімізде болып жатқан жағдайларды насихаттаушы, жаңашыл көзқарастағы тұлға, рухани мұраны ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеуші. «Кітапханашы» деген – кітап оқып, кітап беріп, үйіне қайтады дейтін ескі ұғымның орнына, жас буынға рухани таным беретін тұлға ретінде танылуы керек. Сондықтанда бұл мамандықтың абыройын көтеретін істер жасалынуы тиіс деп ойлаймын. Ең басты айта кетерлігі, біз кітапхана ұжымы қандай жағдайда болмасын өз оқырмандарымыздың қазыналы кітап әлемімен байланыс жасауына барлық мүмкіндіктерді қарастырып отырып, мемлектіміздің бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылуға үлкен үлестерін қосқаны деп білеміз. Ал сол өркениетке жетелейтін – кітап пен кітапхана екенін ұмытпайық!
Шежірелі Шет өңірі» балаларға арналған үздік жоба, облыстық байқауында балалар кітапханасы үздік жобалардың қатарынан орын алып, Қарағанды қаласына барып, жобаны қорғап келген болатын. Сол жоба жөнінде балалар кітапханасының меңгерушісі Ляззат Амановна, кітапханашы Арайлым Мұратбекқызы таныстырып өтті.
- РАБИС бағдарламасынан ВЕБ РАБИС бағдарламасына көшу жөнінде кітап қорын реттеп жинақтау бөлімінен Асел Байзақова, Жанна Жакупова түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
- «Кітап –жан азығы библиокафе» атты көрсеткіш шара жөнінде Ортау ауылдық кітапханасының кітапханашысы Бекзат Тайжанова өткізді.
- «Кейворд» жаңаша іс шара түрі «Гексагон» балалар ойынын Ақадыр балалар кітапханасының меңгерушісі Нұршат Қалижан кітапханашылармен жүргізді.
Семинарды қорытындылай келе семинар барысында белсенділік көрсеткен кітапханашылар алғыс хаттармен марапатталды. Семинарға ауыл, кент кітапханашылары толығымен қатысып, түрлі іс-шараларымен тәжірбие алмасып, жақсы әсерде тарқасты.