Жоғары

8 наурыз халықаралық әйелдер күні 2015 жыл

...

Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімізде 8 наурыз  Халықаралық күні де келіп жетті. Бұл – бір қолымен бесікті, екінші  қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының  төл мерекесіне орай   Шет аудандық орталық кітапханасында 2015  жылдың 6 наурызында «Көгілдір от кеші» атты әдеби – сазды  композициялық қойлым ұйымдастырылып өткізілді.

Кешке шақырылған қонақтар арасында әншілер: Г.Көккозова, М.  Асылбекова, жас әншілер Б.Тастемирова, Ә. Серикова, қобызшы  Ш.Асанова, кондитерлер: Р.Тусупова, А. Абжанова, Қ. Қыздарбекова,  тігінші Махаббат, Н.Мукажанова, бишілер: М. Горький атындағы мектеп –  гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Г. Алибаева, Ы.Алтынсарин  атындағы мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі А.    Малтабаровалар келіп кештің құрметті қонақтары болды.

 

Кеш барысында кітапхана қызметкерлері өз араларында бөлімдерге бөлініп өз ара сайыс ұйымдастырып дайындаған  қойылымдарын  қонақтарға ұсынды. Кітап қорын реттеп жинақтау бөлім қызметкерлері Г.Калиева, А.Нұрпейіс, Н.Абеновалар тігіншілердің жұмысынан қойылым көрсетті. Н. Балдақова «Өмірдің нұры, өмірдің гүлі - Ана» атты кітап көрмесінің тігіншілер жайлы тақырыптық сөремен таныстырып кітап қорында осы сала бойынша бар кітаптармен таныстырды. Тігінші Махаббат әпкеміз, Нұрдана тігінші мамандығына қалай келгендерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.

 

Әншілерге арнап абонемент бөлімінің қызметкері М.Сатбекова және МСО диджейі Ержан  қонақтарға арнап ән шырқаса кітапхана қызметкерлері А.Медеубекова, А. Ерболовалар өлен оқыды. Шет агротехникалық колледж студенты Б.Тастемирова «Ана» әнің айтты. Әншілерге арналған тақырыпт ық сөремен Н.Балдақова таныстырды. Г.Көккозова, М. Асылбековалар тілектерін айтып ризашылықтарын білдіріді және М. Асылбекова ән шырқап берді.

Әдіскерлер бөлімінің қызметкерлері: М.Жакупова, А.С.Исатаева, А.Қайырбековалар бишілерге арнап мын бұралып шығыс, үнді, көрей билерін билеп «флэшмобпен» жалғастырып қонақтарды тәнті етті. Е.Тлеуберлин «Ана» балладасын қонақтар назарына ұсынды. Г.Алибаева, А.Малтабаровалар биге қалай келгендерін, шәкірттері бар екендіктерін айтып шәкірттері биіктерден көрініп жүргендіктерін мақтан түтатындықтарына тоқталды.

 

Библиография бөлімінің қызметкерлері: С.Аликулова, Н. Балдақова, Е.Сағадиевалар музыкалық аспаптармен папури орындады. Музыка саласының тақырыптық сөресіне Н.Балдақова шолу жасады. Қобызшы Ш.Асанова ақ тілегін білдіріп «Жез киік» күйін нақышына келтіріп орындап берді.

Оқу залының қызметкерлері: Д.Жолдыбекова, Н.Күзембаевалар кондитерлерге арналған көрініс көрсетті. Р.Тусупова, А. Абжанова, Қ. Қыздарбековалар ойларын бөлісіп жылы лебіздерін білдірді. Аспазшыларға арналған саланын тақырыптық сөресімен Н.Балдақова таныстырды.

Әр бөлім шара барысында дайндаған буклеттерін, ұсыныстық құралдарын таратты.

Әдеби сазды композиция аяғында сөз кезегі Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ директоры М.С.Нұрпейісоваға берілді. Келген оқырмандарға рахметің  айтып, мереке қарсанында жақсы тілектерін білдіріп, сый сыяпаттарын берді.

Әдеби сазды композицияна Д.Жолдыбекованын орындауында сөзі      Ғ. Қайырбековтікі, әні Ш. Қалдаяқовтікі «Ана туралы жыр» әнімен аяқталды.

Әдеби сазды композицияның жүргізушілері: А.Медеубекова және А.Ерболовалар.

Тағы суреттер

 


Келулердің саны: 4677