Жоғары

Ел рәміздері - ел рухы

«Ел рәміздері-ел рухы» атты дөңгелек үстел отырысы.Аудандық  орталық  кітапхананың  ұйымдастыруымен  «Ел рәміздері-ел рухы» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді .                                                                Оқырмандарға аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздер  жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету. Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тілін, тарихын сүюге тәрбиелеу.  Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайд, кітап көрмесі, жаднама, рәміз авторларының суреттері, рәміздер суреттері, таңба белгілері.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  әңұранымен басталды . Іс-шара барысында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Медеубекова А.  рәміздер  тарихы  жайлы қысқаша мәлімет берді. «Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері» атты кітап көрмесіне кітапханашы Жолдыбекова  Д.  шолу  жасады .

Тәуелсіз Қазақстаннның Мемлекеттік рәміздері алғаш рет 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік Ту, Елтаңба және  Әнұранның музыкалық редакциясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген болатын. Сол себепті 4 маусым-Мемлекеттік рәміздер күні болып бекітілді. Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілері саналатын мемлекеттік рәміздерге биыл  23 жыл. Елін, жерін сүйген әрбір азамат мемлекетінің әнұранын жатқа біліп, туы мен елтаңбасында не бейнеленгендігін, ондағы белгілердің мәні мен мазмұнын жақсы білулері тиіс. Ту, елтаңба, әнұран ата-бабаларымыз армандап кеткен тәуелсіздігіміздің басты белгілері. Халқымыздың рухын айшықтайтын құндылықтар.Ұлттық рәміздерімізге байланысты сұрақтар қойылып белсенді жауап берген оқырмандарымыз: Шарипова М, Асылбекова М, Аятбек  М. Грудачева Д, Мемлекеттік  рәміздер туралы  сөзжұмбақ шешуге белсене қатысқан агротехникалық колледж студенттері : Калкеева А, Дәуренбек  А, Нұрғали Н, Жоркинбекова  Г, Жарқын Р,

Смагулова Ж,Дүйсенбаева К, Хасенова А. Аудандық  ауыл әкімшілігі қызметкері Нурымова А , Куаныш А , Султанбаева Д . Мемлекеттік рәміздер күнімен  құттықтап өз лебіздерін білдірді.

 


Келулердің саны: 7704