Жоғары

Қасіретті жылдар парақтары

«Қасіреті жылдар парақтары» атты тарихи сағат ұйымдастырылып өткізілді. Тарихи сағатқа 9- 10 сынып оқушылары, зейнеткер ақсақалдарымыз қатысты.

Іс шара мақсаты: жасөспірімдерге қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, өз жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.

Тәуелсіздік таңы атып,егемен ел болғалы халқымызға қуаныш сыйлаған заңдар аз қабылданған жоқ. Президент  Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы жарлығымен 1997 жылы жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.

«ХХ ғасырдың басында   ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойына алды. Олар қоғамның түрі тарабынан шыққандар әрі дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал »  деп  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің

«Тарих толқынында » атты кітабында айтып өтті. 1993 жылдың 14 сәуірінде Президен Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Жаппай саяси қуғын- сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңының қабылдауы бұл сауапты іске екпін  бергені анық. Саяси құғын- сүргінге ұшырап , оларды жазықсыз жағылған қара күйеден  аршу бүгінгі ұрпақтың парызына айналды. Кейбір дереккөздері сұрқия саясаттың салдарынан Қазақстанда сол бір қасіретті жылдары 103 мың адам қуғын- сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңдайы атылғанын айтады.

Бұл іс шараның жүргізушілері Д.Жолдыбекова, А.Толеукенова осы зұламат жылдардың тарихына кенінен  тоқталды.

Тарихи сағат барысында Ш. Алғожин атамыз келген 10 сынып оқушыларына оқығаның, естігенін айтты. М.Байтаносов атамыз 2015 жылдың мамыр айының басында  Қайрақты ауылына барып  жазықсыз жапа шеккендердің басына барып құлпытас қойғандарын айтты. Бұл да тарихымыздың бір беті.

Жастарымыз жалпы Қазақстанның, онын ішінде өлкеміздің тарихын білуге тиіс себебі тарихын, тілін білмеген ел ел емес.

Ақсақалдарымыз сол қасіретті жылдарды біз, бізден кейінгі ұрпақтардың өмірінде болмасын деп тілейік. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!


Келулердің саны: 4096