Жоғары

«Кітапхана түні» 2015 акциясы өтті

...

Шет аудандық орталық кітапхананың қызметкерлері ұйымдастыруымен  «Кітапхана түні» 2015 акциясы өтті. Өту мақсаты: 23 сәуір халық аралық кітаптар күніне орай және ауыл түрғындарына кітапты насихаттау. «Кітапхана түні» акциясы «Қазақ хандығының 550», «Ата заңның» 20 жылдығы, «Ассамблеяның» 20 жылдығы, «Ұлы жеңістің» 70 жылдығы осы мерекелерді қамтып өткен іс шара болды.

Іс шараның ашылу салтанатың қазақ, орыс, татар ұлттық киімдерін киген және сол халқтын тілінде сөйлеген кітапханашылар ашты және келген оқырмандармен қонақтарға ұлттық тағамдарын ұсынды. Одан кейін кітапханашыларымыз тәжік биін биледі. Кітахананың алдынан конақтарды, оқырмандарды кітап Ханзадасымен Ханшайымы қарсы алып кітапхана ішіне кіргізді кірген кезде алдарынан гид қарсы алып кітапхананың бөлімдері бойынша саяхат жасады әр бөлімге қысқаша тоқталып атқаратың қызметтерін айтып өтті. Саяхат оқу залына келіп әрі қарай әр түрлі қызықты іс шаралармен жалғасын тапты. Оқу залына оқырмандар, қонақтар кірген кезде кітапхана директоры М.С. Нұрпейісова жылы лебізің білдірді.

Ханзада қонақтардың ортасында отырған Рашидов Амантай атамызды ортаға шақырды Амантай атамыз кітапханаға арнауын оқыды және әсем ән шырқап берді.

 

Тағы суреттер

Қызыл телпек ертегісінен ұзінді ретінде қойылым көрсетілді мақсаты оқырмандардың назарын «Ұлы жеңістін» 70 жылдығына жинақталған кітап көрмесі таныстыру. Қызыл телпек әжесіне себетіне салып тітті тоқаш емес кітаптар апарады. Қасқыр Г.Қалиева, Қызыл телпек ролдерін сомдаған А.Нұрпейіс. Кітапханашы Д.Жолдыбекованың орындауынды «Катюша» әні шырқалып  Н.Күзембаева, А.Қайырбековалар би биледі.

Шет агротехникалық колледж студенттері «Флэшмоб» биленіп, Б.Тастемирова «Қазақ жастары» әнің шырқады. «Тек қана қыздар» КВН командасы келіп өз өнерлерін ортаға салды атап өтсек: Т.Зейноллаева, Н.Сухимбекова, Д.Нұрмағамбетова, Ғ. Нұрмағанбетова, Ж.Шайдарова, А.Каримова.

Келесі кезекте «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай  Б.Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» повесті бойынша қойылым қойылды  мұғалым рөлін  сомдаған кітапхана қызметкері Н. Балдақова. Қожаны ойнаған  А. Байжанбаев   Қожа кіре құлап сөмкесіндегі кітаптары шашылып «Қазақ хандығына» байланысты кітаптармен таныстырды.

«Ми шабуыл» ойының Д.Жолдыбекова жүргізіп ойнатты. Бұл ойында «Қазақ хандығының 550», «Ата заңның» 20 жылдығы, «Ассамблеяның» 20 жылдығы, «Ұлы жеңістің» 70 жылдығы қамтылды.

«Иә - жоқ»  сұрақ жауап ойыны ойнатылды. Ойынның жүргізушісі

Д. Жолдыбекова.

«Ата занымыздың 20жылдығына» орай Алдар көсе қойылымы көрсетілді қатысқандар М.Кұнанбаева, Ф. Тажибаева Ата занымызға байланысты кітаптармен  келген қонақтарды таныстырды.

«Миллион кімге бұйырады?» ойыны ойнатылды ойынды дайындап жүргізген А.Е.Исатаева, Е.Бақаев, А.Байжанбаев.Ойынды оқырмандар жақсы қарсы алып барлығы белсене қатысты. Барлық ойындарға белсене қатысып сұрақтарға дұрыс жауап берген оқырмандарға жетондар беріліп отырды ойын аяқталған сон жетондар саналып сыйлықтар табыс етілді.

Келесі кезекте «Би аланы» мұнда әр түрлі қызықты ойындар ойнатылды ұтқандарға сыйлықтар берілді.

 

 


Келулердің саны: 5888