Жоғары

«Адамзатты алаңдатқан ауған соғысы»

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 26 жылдығына

арналған «Адамзатты алаңдатқан ауған соғысы» атты дөңгелек үстел отырысы.

 2015 жылдың ақпан айынның 12 жұлдызында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің  Ауған жерінен шығарылуының 25 жылдығына арналған «Адамзатты алаңдатқан ауған соғысы» атты  дөңгелек үстел отырысы ауыл ақсақалдары, қызметкерлер, жасөспірімдер арасында  өтті. Бұл  шараның мақсаты: жас жеткіншектерді   патриоттық, отансүйгіштік рухқа тәрбиелеу. Бейбіт өмірімізді қорғайтын  жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде майдангер азаматтарды үлгі-өнеге тұту.

Іс шараның жүргізген  аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің  кітапханашысы  Д.Жолдыбекова. Іс шара барысында арнайы ұйымдастырылған «Ауған ақиқаты»атты кітап көрмеге  оқырмандарға қызмет көрсету  бөлімінің библиографы  А.Е. Исатаева  шолу жасады. Іс шара аясында кітапханашы  А.Исатаева дайындаған «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты фотослайд көрсетілді. Шара барысында Ауған соғысы жайында  бейне фильм көрсетілді.

Оқырмандар арасынан ауыл ақсақалдары сөз алып, атап өтсек Ш.Алғожин  жастардыңпатриот болып өсуі тәрбиеге байланысты екенін   бабаларымыздың ерліктерін насихаттай білу керек екеніне тоқталды және мұндай соғыс ешқашан қазақ жерімізде болмасын деп өзінің  тілегін білдірді. Е.Жәнібеков Ауған соғысының тарихына , жауынгерлердін көрген қиыншылықтарына тоқталып өтті.

 


Келулердің саны: 5243