Жоғары

Теңге күніне орай «Теңге – мемлекет нышаны» атты ақпараттық сағат өтті.

...

Қазақстан Республикасы- егеменді , тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлтық валютасы бар.Тәуелсіздік алған  елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.

«Теңге – мемлекет нышаны» атты ақпараттық сағатты оқу залының кітапханашысы Гүлсім Мұхтарова жүргізді.Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ. Ұлттық валюта 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8: 00-ден бастап енгізіліп, елдің қолына тиіп, ел мәре- сәре болысты.Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгілерінің бірі, әрі еліміздің әр азаматының күнделікті қолданысында болатын бірегейі еді.

 «Төл валютамыз» атты кітап көрмесімен кітапханашы Шидербекова  Бикен таныстырды.

Теңгенің 16- ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар.Іс-шара барысында оқырмандарға «Алтын тәж» ойынына белсенді қатысқандар:Адандық маслихат апаратының бас бухгалтері Амиреева Гульназ, аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бухгалтері Мусатаева Сауле,бухгалтер саласындағы зейнеткер Арысбекова Тәжібала, Ақой ауылдық округінің бухгалтері Жармағанбетова Гульнар.

Келесі кезекте слайд арқылы Не? Қайда? Қашан?  ойыны арқылы сұрақтар қойылып, Ақсу- Аюлы ауылдық округінің бухгалтері Айтуова Гульнар, қазынашылық басқармасының бас маман- бас қазынашысы Сулейменова Жанагуль,жастар орталығының бухгалтері Қанатбекова Қарақаттолығымен жауап берді.

Теңге –біздің дербес ел болғанымыздың белгісі.Ұлттық валюта- еліміздің дамукөзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Оқырмандарға «Теңге тарихы»,  «Ақшаның шығу тарихы» атты бейнеролик ұсынылды. Теңге –Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемлекеттік нышандардың қатарына жатады. Келесі кезекте «Кубик-рубик » ойыны ойнатылып Статистика басқармасының мамандары Саят Бекжан, Маханбетчин Ержан кубиктарды дұрыс құрады.Ақша – асыл қазына, халық байлығы. «Қай кино екенің тап?»  атты ойыны ойнатылып, қай киноның үзүндісі екенің қазынашылық басқармасының бас маман- бас қазынашы Адайбекова Сандуғаш, Адандық маслихат апаратының бас бухгалтері Амиреева Гульназ, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің  экономисі Бекишбекова Салтанат, бухгалтері Карибекова Айда  тура тапты.

Іс- шара соныңда оқырмандарымызға  сөз беріліп, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры М.С.Нұрпейісова келген қонақтарды құттықтап, сыйлықтарың берді.

   Қазіргі кезеңде мемлекетіміз дамып келеді, болашақ қамы үшін барлық жағдай жасалуда. Төл теңгеміз тұғырлы, туған еліміз Мәңгілік Ел болсын -деп іс- шараны  жүргізушіміз аяқтады.

тағы суреттер:


Келулердің саны: 7501