Жоғары

«Қарттарым- асыл қазынам» атты мерекелік кеш.

...

   Аудандық кітапхана   Бүкіләлемдік қарттар күні қарсаңында   «Қарттарым асыл қазынам» атты қарт оқырмандарымен мерекелік дастархан басында  әдеби сазды кеш ұйымдастырды.

  Мұндай дәстүр қазақстандықтарға тән.Өйткені,егде жастағы адамдар еліміздің алтын қорын,патриотизм үлгісін көрсететін дәстүрлерді сақтаушылар.

  Ежелгі ұрпаққа қамқорлық – біздің еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізіп отырған саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.Көпшілігі белсенді өмір салтын сақтап,жұмыс істеп, ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысып,өз білімін, тәжірибесін жастарға үлгі етіп отыр. Осындай қазыналы қарттарымызға, келген қонақтарға кітапханашыларымыз зор ілтипатпен қызмет етті.Кешті кітапханшылар Б.Амангельдинов пен А.Төлеукенова  жүргізіп отырды.Ардагер ата – аналарымызға арналған мерекелік кештің алғашқы құттықтау сөзін аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің КММ директоры Нурпейсова Мейрамкүл Сансызбайқызы алып,өзінің жүрекжарды лебізін білдіріп,қариялар еліміздің асыл қазынасы,қымбат шежіреміздің сыр сандығы екенін жеткізіп барлығына ұзақ өмір мен зор денсаулық тіледі.

  Кеш барысында«Ең үздік майталман оқырман» атты номинация бойынша,Байтанасов Медет ақсақалға арнайы ескерткіш ретінде сыйлық тапсырылды. Шақырылған қонақтар  арасында қарт еңбек ардагерлері,зейнеткерлер,үздік оқырмандар: Сейілбеков Қ,Алғожин, Тәжібеков А, Ш,Хамзин Б,Абитаев Б,Мақтабеков А,Төлеуов Н,Абенов Б,Жонкина К,Баданова М,қарт ұстаздар         Иксанова Р.М, Төлегенова Ш. т.б. апайларымыз өздерінің жүрекжарды ақ тілектерін айтып,кітапхананың оқырмандары көбейіп,халықтың өркендеуіне кітапхананың рөлі зор екенін кітап – ұрпақтан ұрпаққа қалатын рухани қазына деп білетіндерін білдірді.

  Кешке келген Абитаев Берген аға жас кезінде халық театрының мүшесі болып «Қыз Жібек» спектаклінде Төлеген рөлін ойнағанын айтып Төлегенннің ариасын орындап берді.Ал, Қайырбеков Төлеубек аға гитарамен әндер орындап қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады.Сөз кезегі келген уақытта Алғожин Шәйкен ақсақал өзінің кітапханамен тығыз байланыста екенін,осы кітапханаға бір жылда  19 -20 рет келгенін мақтанышпен жеткізіп,оның ішінде өткізіліп жатқан көпшілік шараларға жанұясымен белсене қатысып кітап оқитынын,кітапханаға немерелерімен бірге келетінін айтып, кітапханашыларға алғысын білдірді. Келген қонақтармен ән айтылып,әр түрлі би ойындар өткізіліп,арнайы сыйлықтар беріліп, барша ата – апаларымыз жақсы көңіл күймен тарқасты.

  Сондай ақ, аудандық кітапхананың басшысы М. Нұрпейісова,кітапхана қызметкерлері Г.Ахметова, Қ.Кемелова «Қарттар күні» мерекесімен мәдениет бөлімінің шаруашылық саласында 30 жылдай еңбек еткен, қазір 83 жасқа келіп отырған ұлағатты әжеміз Қалиева Шолпан ананы үйіне барып құттықтап,өздерінің  жүрекжарды жылы лебіздерін  білдіріп,қарт ананың ақ батасын алды. 

 Тағы сурет


Келулердің саны: 4923