Жоғары

"Дауыстап оқу"акциясы өткізілді

...

    Бүгін Шет аудандық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде КММ елбасы Н.Ә Назарбаевтың қазақстан халқына жолдаған "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру"атты көлемді мақаласын қолдау және елбасымыз айтқан " ұлттың рухани дамуы дәстүрлі және иновациялық тәсілдермен қатар жүруі қазақстандық патриотизмді нығайтуда туған отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу қажет"деген сөзін насихаттау мақсатында  Қарағанды облысының кітапханаларында "Дауыстап оқу"жастар акциясы өткізілді.

    Акцияның басты мақсаты жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру,қазіргі заманғы қазақстандық ақын - жазушыларды танымал ету,қазақстандық патриоттарды біріктіру. Тікелей эфирде облысымыздың әр түкпірінен акцияға қатысушылар қарағандылық ақын,Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,Қ Р еңбек сіңірген өнер қайраткері,көптеген жүлделердің лауреаты Серік Ақсұңқарұлының шығармаларын оқыды. Осы акцияға Шет аудандық ОКЖ де белсене атсалысты. Акцияға байланысты арқадағы ақиық ақын Серік Ақсұңқарұлының шығармашылығынан мәлімет беретін"Арқаның арда ақыны"атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Акцияға кітапхананың тұрақты оқырмандары мен кітапхана ішінен құрылған дарынды жастармен жұмыс істейтін "Жансусар"поэзия клубының мүшелері,сондай - ақ барлық кітапханашылар қатысты."Дауыстап оқу"акциясын кітапханашы Б.Амангельдинов 

«Тереңіне ұлтының бойлаттырған,

Ұзақ уақыт қыстығып,

бойды ап-тынған;

 Поэзия – Алланың найзағайы,

    Аспанында Алаштың ойнап тұрған!»деп жырлаған екен Серік Ақсұңқарұлы.. Бетховен «Музыка – Құдайдың тілі» десе, Серік аға «Поэзия – Алланың найзағайы» дейді. Біздіңше, Серік Ақсұңқарұлы – қазақ поэзиясында найзағайдай жарқылдаған ақын. Қазір әлем әдебиетшілері «поэзия сәннен қалды» деген пікірді жиі айтады. Поэзия – қазақтың, Шығыс халқының жаны. Абайсыз, Мағжансыз, Қасымсыз қазақты елестету мүмкін емес". деп бастап,Серік Ақсұңқарұлының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере акцияны жүргізіп отырды.

Алғашқы болып "Жансусар"поэзия клубының мүшелері жас қаламгерлер

    Сайранов Нұрсылтан бастаған Али Данияр, Сейлхан Шерхан, Әбділда Мерей, Рымқұл Асылжан т.б жастар ақын ағамыздың көптеген өлеңдерін жұрт алдында оқып берді.Жалынды жастардан кейін аудандық кітапханашылар Төлеуғазы Айдана  "Аққулар - Ай", Толеуова Айгерім "Түсімде",Сагитаева Айым "Аз ғана керек адамға",Шидербекова Бикен,Смағұлова Алтынай және де Ақадыр ауылдық кітапханашысы Тамаша Омарқызы "Қасқырдың монологы" т.б өлеңдерін нақышына келтіре оқып көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.Акцияға белсене атсалысқан барлық қатысушыларға  кітапхана ұжымының атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.Акция соңы "Қарағандыдағы жас ақындар Серік Ақсұңқарұлы берген «жолдамамен» әдебиетке келетін секілді көрінеді. Арқаның астанасына айналған Қарағанды ақындарының мектебі қалыптасқаны, оны қалыптастырған Серік Ақсұңқарұлы екені бәріне анық. Кейде ақынның өзінен «сіздің батаңызды алмаған қарағандылық ақын Қазақстанға таныла ала ма, аға?» деп әзіл-шыны аралас сұрақ қойылады екен.Бұлда Серік ағамыздың әдеби ортадағы абыройын,өзіндік орнының қандай жоғары дәрежеде екенінің дәлелі іспетті.Ендеше қадірлі ағайын ақынымызды ұлықтап, барымызды бағалап, асылымызды мадақтап жүрейік.Сонда ғана біз Елбасымыз айтқандай рухани дамыған, әлемдік бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көрініп абыройлы ел болмақпыз"деген жылы лебізбен аяқталды.Акцияға қатысушылар ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіріп,келген қонақтар риза болып тарасты. 

тағы сурет:


Келулердің саны: 6187