Жоғары

«Шіркін, туған жердің күзі- мереке, байлығы- береке» атты күз айына арналған мерекелік кеш.

...

     ҚР- ның  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көлемді мақаласы Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру және де соның ішіндегі «Туған жер» бағдарламасын қолдау және насихаттау мақсатында ұйымдастырып отырған «Шіркін, туған жердің күз мереке, байлығы- береке» атты күз айына арналған мерекелік кеш  өткізілді.Кешті кітапханашылар  Б.Амангельдин  мен А.  Толеукенова жүргізіп отырды.Кеште тек қана аудандық, ауылдық  кітапханашылар қатысты.

     Бұл мереке дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең.Күз-береке, сән – салтанат мереке айы, жиын- терім аяқталған кезде Еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, ауылды елді- мекендерде «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді. Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Әр жыл мезгілінің өз қасиеті бар. «Мезгілдер таласы» атты көріністі кітапханашылар Б.Шидербекова  (Наурыз) , А.Толеукенова (көктем), Г.Мұхтарова (жаз), М.Құнанбаева (күз), Г.Ахметова (қыс),Б.Амангелді (адам)  тамаша орындап,көрсетті.

  Кітапханашылар арасында «Алтын күз» мерекесіне байланысты сайыс өткізілді. Сайыс екі бөлімнен тұрды:

І.«Қош келдің, алтын күз!»

1 Кел танысайық ( қатысушының өлеңмен немесе қара сөзбен өзін – өзі таныстыруы 5 минуттан аспауы керек)

2.Өз өнерін көрсету ( қатысушылар өз өнерлерін ортаға салады,көрініс, ән, би т.б өнерлері арқылы күз салтанатын бейнелеу) 7 минут

3.Күзгі салат (Қатысушылар алдын ала дайындап әкелген салат түрлерін көрерменге көрсетіп,оның жасалу тәртібін түсіндіреді) 3минут

4 Жеміс - жидектер пайдасы (Жеміс – жидектердің пайдасы туралы мағұлмат беру) 5 минут

5. Күзгі сән үлгісі ( Қатысушы күзгі көрініске байланысты дайындаған көйлегін киіп көрсетеді) 3 минут

6. Қас – қағым сәт ( Күз мезгіліне қатысты сұрақтарға жауап беру )

ІІ. «Қыс айына дайындығыңыз қалай, замандас?» - барлық қатысушыларға.

Аталған барлық өнімдерден әзірленген тағамдарды көрсету.

  Қара қылды қақ жарып өнерпаздарымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқалары таныстырылды: Ахметова Гүлшара Қамиқызы Мәдениет саласының ардагері, Кемелова Қызғалдақ Қуанышқызы Кітапхана жүйесінің экономисі,Нұрпейсова Мейрамкүл Сансызбайқызы Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, қазылар алқасының төрайымы.

  Дәнді дақылдар өнімдерінен экибана жасап, көрінестер , сән  үлгісін Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің библиография бөлімі, Қызылтау  ауылдық кітапханашысы, Босаға ауылдық кітапханашылары көрсетті.

  Жеміс- жидектер өнімдерінің пайдасы, экибана жасап, көріністер, сән үлгісін Балалар кітапханасының кітапханашылары,Ортау ауылдық кітапханашысы, Босаға ауылдық кітапханашысы көрсетті.

  Көкөніс өнімдерінің пайдасы, экибана жасап, көріністер,сән үлгісін Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдістемелік бөлімі, Кеншоқы ауылдық кітапханашысы,Ағадыр ауылдық кітапханасының кітапханашылары, Ақшатау ауылдық кітапханашысы,Мойынты ауылдық кітапханашысы, Төменгі Қайрақты және Тағылы ауылдық кітапханашылары өз өнерлерін ортаға салып көрсетті.

  Әділқазылар алқасы байқаудың қорытындысын  шығарғанша,  кітапханашылармен «Кім тапқыр» атты ойыны ойнатылды. Жүргізушілер қойған сұрақтарға,  жылдам және  дұрыс жауап берген кітапханашыларға ұпай берілді. «Жұмбақтар әлеміне» аттанып, кітапханашыларымызға жұмбақ жасырылды. Кітапханашыларымыз белсене қаттысты.

Өрлі-төмен құлдилайды құс біткен ,Қайтар кезін ойламайын дегендей-өлең жолдарымен «Шіркін, туған жердің күзі- мереке, байлығы- береке» атты күз айына арналған мерекелік кештің жеңімпаздары анықталды. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұрпейсова Мейрамкүл Сансызбайқызы барлық кітапханашыларды «Алтын күз » мерекесімен құттықтап, жеңімпаздарды марапаттады. Ынталандыру  сыйлығына Кеншоқы ауылдық кітапханашы, Қызылтау ауылдық кітапханашысы, Босаға ауылдық кітапханашысы, Ақадыр ауылдық кітапханашылары, Ақшатау ауылдық кітапханашысы ие болды. Бірінші  орынға Төменгі Қайрақты және Тағылы ауылдық кітапханашылар ие болса,  екінші орынға  Ортау ауылдық кітапханашысы және Мойынты ауылдық кітапханашылары ие болды. Бас жүлдеге Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылары ие болды. Барлық қатысушыларға «Алғыс хат» және естелік сыйлықтар табыс етілді.

тағы сурет:


Келулердің саны: 4802