Жоғары

"Латын қарпі - ел мұраты" атты танымдық кеш өткізілді.

...

    Бүгін аудандық орталық  кітапханада аудандық мемлекеттік архив мекемесімен бірлесе ұйымдастырған"Латын қарпі - ел мұраты" атты танымдық кеш өткізілді. Кешті кітапханашы Б Амангельдин жүргізіп отырды. Кештің басталуында келген көрерменге "латын әліпбиі туралы"видеоролик көрсетіліп,аздаған қызықты дәйектер назарларына ұсынылды.Алғашқы сөз кезегі аудандық мемлекеттік архив мекемесінің басшысы Мықыш  Көмек Кәрібекұлына беріліп, латын қарпінің бүгінгі қоғамға әкелер пайдасы туралы мәлімет оқылды. Келесі кезекте 1929 - 1940 жылдар аралығында ауданымызда латын қарпімен жүргізілген іс қағаздар туралы аудандық мемлекеттік архивтің архивисі Өткелова Банура Әбдіқадырқызы осы бойынша жасалған көрме қағаздарымен таныстырып, көрермендерге көптеген құнды мағұлматтар жеткізді. Көрме таныстырылып болған соң жүргізуші Б .Амангельдинов көрермендермен Құстар әлемінде ( Құс суретінің артына жасырынған,латынша әріппен жазылған сөздерден мақал құрастыру) ойының ойнатса,кітапханашы Г Мухтарова "Шашулы сөзден - шабытты өлең" атты ( шашыранқы жазылған сөздердің басын құрап,өлең шумақтарын құрастыру)ойынды жүргізіп,барша қонақтар белсенді түрде атсалысты.Сондай - ақ "Ашық микрофон" айдары өткізіліп оған Ы .Алтынсарин атындағы мектеп - гимназиясының ұстазы,ресурстық орталықтың оқу - тәрбие жөніңдегі орынбасары  Садибекова Алтын Медетбековна  бүгінгі көтеріліп отырған бастаманы дұрыс санайтының және бүгінгі заман талабы қажет ететіндігін білдірді.Және де "Жастар ресурстық тәжірбие алмасу "орталығының   оқушылары  латын қарпі туралы өз ойларын ортаға салып, елбасымыздың бастамасын қолдайтының,латын әрпінің тигізер пайдасының көп екендігінен ұтымды дәлелдер келтірді.Кеш соңында Көмек Кәрібекұлы өз ойын қорытындылап, барлық азаматтарды Елбасымыздың бастамасын қолдауға және насихаттауға шақырды.Келген қонақтар ұйымдастырушыларға рахмет айтып,риза көңілмен тарасты.

тағы сурет:


Келулердің саны: 3840