Жоғары

Қазақстан Республикасының «Қаржыгер күні» және «Ұлттық валюта» күні

...

    Қазақстан Республикасының «Қаржыгер күні» және «Ұлттық валюта» күніне орай, аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Аудандық кітапхана жүйесіне қарасты Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі        «Төл теңгеміз - тұғырымыз» атты мерекелік кездесу кешін  өткізді.

    Кітапхана жүйесінің қызметкерлері кездесу кеште «Қаржыгер күні және Ұлттық валюта» күнімен аудандық қазынашылық бөлімінің, аудандық экономика және қаржы бөлімі мен Шет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мекемелерінің қызметкерлерін осы кешке арнайы барып құттықтады.

 Кеш барысында «Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзінің жұмыс айрықшылығы, өзінің қайталанбас тарихы, өз құндылығы және өз батырлары мен майталмандары болатыны белгілі.. Әрине, барлық маман атауы еліміздің экономикасының қарыштап дамуына үлесін қосып жатқандықтан  әр кәсіптің өзінің ерекше аталып өтетін мерекелі күні- өзінің кәсіби мерекесі болуы заңды нәрсе., Қазақстан және біздің өңір экономикасының қаржылай ахуалының нығаюы жолындағы істеріңізге береке берсін» -  деп тәлімгер апамыз Г Ахметова ағынан жарыла жылы лебізін білдірді.    

    «Теңге – қастерлі нышан» атты кітап көрмесіне кітапханашы Г.Мухтарова әдеби шолу жасап, келген көрермендерге  насихаттады.Мекеме басшылары: Қ.Жұмабекова мен М.Жонкина сөз алып, бүгінгі еліміздің экономикасында болып жатқан тың жаңалықтарымен бөлісіп,төл теңгеміздің қадірі мен құны биіктеуін тілеп өз лебіздерін білдірді.Кеш барысы бойынша көптеген керекті ақпарттарға ие болған көрермендер ұйымдастырушыларға үлкен алғыстарын білдіріп, риза көңілмен тарасты. 


Келулердің саны: 4116