Жоғары

"Кітапхана өнер, білім ордасы" атты жас кітапханашылардың арасында байқау өтті.

...

    Қараша айының  23 жұлдызында Шет ауданының ОКЖ және ауылдық кітапханалар арасында семинар өткізілді. Семинарды «Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»  КММ директоры Мейрамгүл Сансызбайқызы Нұрпейісова өз сөзімен ашты.

   Кітапхана- оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір десек, ал кітапханашы-кітапхана тірлігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы болып табылады. Осындай мамандық иелерінің арасында әдістемелік бөлімінің  ұйымдастыруымен  "Кітапхана өнер, білім ордасы" атты жас кітапханашылардың арасында  байқау өтті.  Бұл сайысқа қатысуға кітапханалық жұмыс өтілімі аз жас мамандар қатысты.

  Сайыстың басты мақсаты: жас мамандарымыздың шығармашылық жетістіктерін айқындау, жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерін енгізуге ықпал ету, ұжымда позитивті жұмыс дәстүрін қалыптастыру , кітапхана мен оның қызметкерлерінің имиджін нығайту болып табылады.

  Жас кітапханашылар 9 бөлім бойынша өнер көрсетті.

1. Сәулем, айнам, жарқыным,

Айтып берші, айт шынын" (өзін-өзі таныстыру)

2. Портфолио

3. Кітапхана-мақтанышым,

    Кітапханашы-мамандығым (кітапхана мен мамандықты жарнамалау)

4. Есімдер колейдоскопы (әдеби құпия)

5. Шығармашылық сайыс (сұрақтарға жауап беру)

6. Күздің кәделі сыйлығы (дизайнерлік өнер сайысы)

7. Сен сұлу (экспромт- дефиле)

8. Өз мамандығының майталманы (презентация)

9. Қорытынды

Бірінші  кезеңіміз Таныстыруда Мойынты ауылдық  кітапханасынан Джасыбаева Жұмаш. ОКЖ нен Сағадиева Енлік. Ағадыр көпшілік кітапханасынан Қалижан Нұршат.  ОКЖ нен Мұхтарова Гүлсім. Тағылы ауылдық кітапханасынан Кенжешова Назерке.  Балалар кітапханасынан Қойшыбаева Арай өздерін  таныстырып өтті.

Екінші кезеңіміз Портфолио ( жас кітапханашылар өздері жасаған  Портфолиоларын қазылар алқасына көрсету)

 Үшінші  кезеңіміз Кітапхана-мақтанышым,

                                  Кітапханашы-мамандығым (кітапхана мен мамандықты жарнамалау) әркім өз  мамандығын қорғап өту.

Төртінші кезеңіміз Есімдер колейдоскопы (әдеби құпия)

Мысалы: "Әпке" Дулат Исабековтікі, "Қамар сұлу романы" С.М.Торайғыров т.б сұрақтары қойылды.

Бесінші кезеңіміз Шығармашылық сайыс (сұрақтарға жауап беру) әрбір қатысушыға 10 сұрақтан берілді. Мысалы: Ұлттық аспап(домбыра), Оңтүстік астана (Алматы), Ең киелі құс( аққу), Жер бетінде неше мұхит бар(4) т.б.

Алтыншы кезеңіміз Күздің кәделі сыйлығы (дизайнерлік өнер сайысы) әркім өзі жасаған бұйымдарымен , әзірлеген тағам түрлерін көрсету.

Жетінші кезеңіміз  Сен сұлу (экспромт- дефиле) сән үлгісі

Сегізінші кезеңіміз Өз мамандығының майталманы (презентация)

 Қорытынды: Мейрамгүл Сансызбайқызы  әр қатысушыға жүлделі орындарын беріп, мадақтама громоталарымен марапаттады.

Бас жүлделелі орынды Тағылы ауылдық кітапханашысы Кенжешова Назеркеге,

І орынды- Аудандық балалар кітапханашысы - Қойшыбаева Арайға және де

  Орталықтандырылған  кітапханалар жүйесінен- Мұхтарова Гүлсімге берілді.

ІІ орынды- Мойынты ауылдық кітапханашысы-  Джасыбаева Жұмашқа,  Ақадыр көпшілік кітапханашысы - Қалижан Нұршатқа берілсе, 

ІІІ орынды- Орталықтандырылған  кітапханалар жүйесінен- Сағадиева Енлікке табысталды.

 толығырақ


Келулердің саны: 26217