Жоғары

«1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай « Нұрсұлтан – әлем мойындаған тұлға» атты ауызша журнал .

...

     Қарашаның 29 жұлдызында Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  КММ ұйымдастыруымен« 1  желтоқсан – тұңғыш Президент күнне»арналған «Нұрсұлтан әлем мойындаған тұлға»атты  ауызша журнал  кеші өткізілді.Кештің бірінші бөлімі елбасымыз Н Ә Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналса,екінші бөлім елбасымыздың Қазақстан халқына жолдаған «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты көлемді мақаласында көрсетілген қазақ әліпбиін латын қарпіне ауыстыру  турасында өткізіп жатқан насихат кештердің қорытындысына бағытталды.Кешті кітапханашылар Амангельдинов Берікбол мен Мұхтарова Гүлсім жүргізіп отырды. Кеш шымылдығы Елбасымызға арналған әсем әнмен, жүргізушілердің барша қазақ жұртын бүгінгі мерекелі күндерімен құттықтаған ақ тілектерінен  бастау алып, алғашқы құттықтау сөз кезегі аудандық кітапхана директоры  Нұрпейісова Мейрамкүл Сансызбайқызына беріліп барша қазақ жұртын бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтады.Келесі сөз кезектері ауданымыздың қадірлі ақсақалдары, кітапханамыздың тұрақты оқырмандары,еңбек ардагерлері,зейнеткерлер  Алғожин Шайкен ата, Әбітаев Берген ата, Жолғұтты Исак ата және де аудандық тарихи этнографиялық музей директоры қамытбаева  Салтанат ханымға беріліп, ол кісілер бүгінгі мерекемен құттықтап,татулық пен бейбітшіліктің символына айналған еліміздің өркендеп өсіп - өнуіне Елбасымыздың қосқан үлесі ұшаң теңіз екендігін тілге тиек етті.Құттықтау сөздерден кейін кітапхана ішінен құрылған «Жансусар»поэзия клубының мүшесі,жас ақын Сайранов Нұрсұлтан Елбасыға арнаған өз өленің көпшілікке оқып берді. Және де Елбасымыздың өміріне  байланысты дайындалған шағын деректі бейнеролик көрермендер назарына ұсынылды.Сонымен қатар «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы» атты кітап көрмесімен кітапханашы Исатаева Айгүл таныстырды. Бірінші бөлімді қорытындылау мақсатында «Нақыл сөзін оқы да,өз ойыңды айт»(Елбасымыздың нақыл сөздерін оқып өз түсінгеніңді айту) және «Елбасымызға байланысты қойылған сұрақтарға жауабынды айт та, сыйлығынды ал» атты ойындар жүргізіліп, кешімізге арнайы шақырылған аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Сейітжанов Думанға сөз беріліп,бүгінгі мерекемен құттықтай отыра Елбасымыздың қазақ есімін әлемге танытудағы орасан зор еңбегін мақтанышпен айтып, басқа елдермен салыстырғанда бүгінгі Қазақстанның дамуы көш ілгері екендігі жайлы өз ойын ортаға салды.

   Кештің екінші бөлімінде  «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақала жайлы кітапханашы Шидербекова Бикен аздаған ақпаратпен таныстырды. Келген көрермендерге латын әліпбиі туралы слайд көрсетіліп, оқушылар экранда көрсетілген латын қарпімен жазылған өлең шумақтарын оқып латын әліпбиіне көшуге дайын екендерін көрсетті. Және де « Құстар құпиясы» атты ойынды кітапханашы Құнанбаева Маржан жүргізіп ойынға қатысқан барша көрермендерге естелік сыйлықтар тарту етілді.

Кеш соңында барша көремендер ұйымдастырушыларға үлкен алғыстарын білдіріп,риза көңілмен тарасты.

  толығырақ

 

 

 

 


Келулердің саны: 4079