Жоғары

«Тәуелсіздік қазақ елінің шежіресі» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

...

    Бүгін Шет аудандық орталық кітапханада Қ Р «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай «Тәуелсіздік қазақ елінің шежіресі» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылып өткізілді. Кешті кітапханашылар Б Амангелдинов пен А Төлеукенова жүргізіп отырды.Кештің басы  кітапханашылардың дайындаған «Желтоқсан желі» атты көрініспен ашылды. Көрініске қатысқандар Жатаханадағы комендант Г Ахметова, қыздар: А Исатаева, Г Мухтарова,А Төлеукенова, Қайрат Рысқұлбековтың рөлінде: Б Амангелдинов, Тергеуші: Д Молдабеков,Кезекші: Аудандық аурухана мекемесінің қызметкері Р Байжановтар  рөлдерді сомдады. Көрініс арасында экраннан  Желтоқсан оқиғасына» байланысты видеролик көрсетіліп отырды. Көріністен кейін Д Молдабековтың орындауындағы «Қарабауыр қасқалдақ» әні келген көрермендердің жүрегіне жол таба білді. Алғашқы құттықтау сөз кезегі мәдениет саласының ардагері Г Ахметоваға беріліп, келген барлық көрермендерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап барша қазақ еліне бейбіт заман тіледі. Және де кешке арнайы шақырылған ауданымыздың ардагер аталарымыз Исак ата, , Мейрамбек ата, Рымқұл ата,Егінбай ата, сонымен қатар аудандық музей мекемесінің директоры Дартаева Салтанат, Шет агро – техникалық колледжінің мұғалімдері Мусин Қайрат, Секербаева Несіпжан, кітапханашы Ыскакова Ләззат т.б келген қонақтарға сөз беріліп, аталармыз сол бір ызғарлы желтоқсан жылдарынан естеліктер  айтса, басқа қонақтарымыз ағынан жарыла ақ тілектерін білдірді. Сондай – ақ кітапхана ішінен құрылған «Жансусар» поэзия клубының мүшелері Байжанов Р,Құрмашева Қ ,Сайранов Н, Мейранбай Ж  көрермендерге өз өлеңдері мен ақын – жазушылардың жырларын жатқа оқып берді. Дөңгелек үстел барысында оқушылар мен аталар, ұстаздар қауымы өз ойларын ортаға салып, «Атамекен» әнің караоке түрінде қосыла шырқады. Кеш соңында Д Молдабеков «Өз елім» әнің орындап, Г Ахметова келген қонақтарға кітапхана ұжымының атынан үлкен алғыс білдіріп, осындай игі іс – шаралардың әр мекемеде көптеп ұйымдастырылуын тіледі.

толығырақ:


Келулердің саны: 3660