Жоғары

2018 жылдың 24-ші қазан куні Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінін оқу залында Кітап қорының жинақтау бөлімінің ұйымдастыруымен "Кітапханаларда әмбебап ондық жіктеудің жалпы қағидалары" атты семинар өткізіліді.

...

"Кітапхана ісін жетілдіру-ортақ міндет"

2018 жылдың 24-ші қазан куні Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінін оқу залында Кітап қорының жинақтау бөлімінің ұйымдастыруымен "Кітапханаларда әмбебап ондық жіктеудің жалпы қағидалары" атты семинар өткізіліп, семинардың ашылуын Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінін директоры Нурпеисова Мейрамгүл Сансызбайқызы ашып, семинар бағдарламасымен таныстырып өтті. Келесі кезекте әдістеме бөлімінің меңгерушісі Аликулова Сауле Рахматтолаевна ауылдық кітапханашылардын жылдық жұмыс жоспары мен және есептерін толықтай өткізілмеген , қателіктерін айта кетіп ескерту жасады. "Кітапханаларда әмбебап ондық жіктеудің жалпы қағидалары" кітап қорының жинақтау бөлімінің меңгерушісі Калиева Гаухар Серікқызы өз сөзімен осы жүйеге сәйкес бар саланың жиынтығы он бөлімге біріктірілді. Барлық көрсеткішті толығымен және ыңғайлы түрде оқу үшін оның әр үшінші цифр соңынан сол жағынан бастап қойылатынын айтып толықтай ашып түсіндіріп өтті. "Әмбебап ондық жіктеудегі қысқартылған әдістемелік көмек" Шілікбаева Ләззат Аманқызы ӘОЖ мен КБЖ-ның айырмашылығы тақырыбына мысал келтіріп оның ішіндегі индекстердің ұқсастығы,айырмашылықтары бар екенін айтып түсіндіріп өтті.

Тағы суреттер


Келулердің саны: 3542