Жоғары

«Ауданымыздың мәдени ошақтарын біліп, танимыз!» атты ұранмен мектеп оқушылары аудандық орталық кітапханаға саяхат жасады.

...

Шет аудандық орталық кітапханасына Ж. Ақылбаев атындағы мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдерінің «Ауданымыздың мәдени ошақтарын біліп, танимыз» атты ұранға орай ұйымдастырумен бастауыш сынып оқушылары саяхат жасады. Гүлжан Сакеновна, Мақпал Амангельдиевна, Шолпан Абдулаевна, Фарида Токеновна сынды ұстаздар бастаған саяхатшы топты кітапхана директоры Нұрпейісова Мейрамкүл Сансызбайқызы мен кітапханашылар қарсы алып, кітапхана ішімен және жұмыс барысымен танысты. Болашақ кітапхана оқырмандары алдымен «Әдіскерлік бөлім және де «Кітап қорын жинақтап, реттеу» бөлімдеріне келіп кітаптардың қай жақтан келіп, қалай таралатындары жайлы қызықты мағұлматтар алды, Осыдан кейін саяхатшылар «Библиография» , «Оқырмандарға қызмет көрсету» бөлімдерінде болып көптеген құнды мұраға саналған оқулықтармен танысып, бөлім кітапханашылары балаларға өздерінің атқарып отырған жұмыстары туралы әңгімелеп берді. Саяхат соңыңда оқушылар кітапханашы аға – апайларымен естелік фотосуретке түсті. Келешек ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуда мұндай саяхат жасаудың маңызы өте зор. Ұстаздар мен кітапханашылар болашақта да кітапхана мен мектеп арасында тығыз қарым – қатынастың жалғаса беруіне тілек білдіріп, уәделесіп тарасты.

Тағы суреттер


Келулердің саны: 3295