Жоғары

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің КММ майдангер жазушы, драмматург Т.Ахтановтың 95 жылдығына орай ұйымдастыруымен «Дәуірдің алтын жұлдызы» атты танымдық сағат өткізілді.

...

Танымдық сағатқа кітапхана ішінде «Жеке кәсіпкерлікті дамыту» жобасының бизнес тренері Ченгельбаева Мақпал Маулетқы, координатор Қасымова Гайнель Мейрамқызы бастаған болашақ кәсіпкерлер қатысты. Шараны кітапханашы Амангельдинов Берікбол Дәулетұлы жүргізіп, жазушы Т. Ахтановтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәліметтер берді. «Тау тұлғалы Тахауи» атты кітап көрмесімен кітапханашы Исатаева Айгүл таныстырып, шараға қатысушыларды кітап оқуға шақырды. Сондай – ақ «Кім кім оқыған» атты топтық ойын өткізіліп барлық қатысушылар белсенділік таныта білді. Шара соңыңда сайысқа қатысушылардың жұмыстары сараланып, естелік сыйлықтар табыс етілді. Кітап оқу – білімнің басты баспалдағы. Алдағы уақытта да қалың жұртшылықты кітап оқуға қызықтыру, кітапхана мен оқырман арасындағы тығыз қарым – қатынасты орнатуға байланысты игі шаралар жалғасын таба бермек.

Тағы суреттер


Келулердің саны: 3620