Жоғары

Ж. Ақылбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Тамыры терең, қадірі ерен бәйтерек» атты танымдық сағат ұйымдастырылып өткізілді.

...

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің КММ ұйымдастыруымен Шет ауданының 90 жылдығы және де Ж. Ақылбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «9 игі іс» акциясын жалғастыру мақсатында Ж. Ақылбаев атындағы экспериментальды мектеп – гимназиясының ішінен ашылған академик Ж. Ақылбаев атындағы мұражайда «Тамыры терең, қадірі ерен бәйтерек» атты танымдық сағат өткізілді.Танымдық сағатқа мектеп қабырғасының 9, 10 сынып оқушылары қатысты. Мұражай жетекшісі Қатарова Назерке Әліпқызы барша қонақтарды Ж. Ақылбаев өмірінен мағұлмат беретін құнды жәдігерлермен таныстырды. Кітапханашы Б. Амангельдинов оқушыларға арнап Ж. Ақылбаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы мәліметтер оқып «Талантты тұлғаларымызды танып білейік!» атты ойын ойнатты. Кітапханашы А. Исатаева арнайы әкелінген Ж. Ақылбаевтың кітаптарымен таныстырып барша көрерменді кітап оқуға шақырды. Танымдық сағат соңыңда мектеп директоры Мықышева Гүлбаршын Ермекқызы сөз алып, келген қонақтарды мұражай құрылысымен таныстырып, алдағы уақытта да саяхат жасаушыларға әрдайым мұражай есік ашық екендігін тілге тиек етті. Шараға қатысушылар естелік суреттерге түсіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіре тарасты.

Тағы суреттер


Келулердің саны: 3558