Жоғары

«15 қараша – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге күніне» және «Бір ел – бір кітап 2018 акциясына орай «Магнит» мектеп оқушыларымен «Алаштың атаулы күндері» атты диверсимент кеші өткізілді.

...

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің КММ ұйымдастыруымен «15 қараша – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге күні, «Бір ел – бір кітап 2018» акциясы, Шет ауданының 90 жылдығына орай «Алаштың атаулы күндері» атты диверсимент кеші өткізілді. Шараға Нұра, Қызылқой, Нұраталды, Талды, Ы. Алтынсарин мектерінен арнайы келген Ресурстық орталықтың күзгі сессиясындағы «Магнит» мектебінің оқушылары атсалысты. Кешті кітапханашы Б. Амангельдинов жүргізіп, оқырмандарға биылғы жылғы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша таңдалынып алынған Б. Момышұлы, Н. Келімбетов, Ш. Құдайбердіұлы шығармаларынан үзінді оқыды. Кітапханашы Б. Шидербекова «Теңге – ұлттық валюта бедері» атты баяндама жасаса, кітапханашы А. Исатаева «Теңге – Тәуелсіздік символы» атты кітап көрмесімен таныстырды. Теңгеге байланысты сөзжұмбақ, «Кім көп жазушыны таниды?!» ойындары өткізілді. Шараға қатысушы оқырмандар екі топқа бөлініп «Бір болайық, бірге табайық!» интелектуалдық сайысына қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша екі топтың ұпай саны тең түсіп, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Оқушыларды арнайы алып келген жетекші ұстаздар Жазира Қынаятовна, Алтын Медетбековна кітапхана ұжымына алғыс ризашылығын жеткізді. Шара соңыңда кітапхана директоры Нұрпейісова Мейрамкүл Сансызбайқызы барша қазақ елін «Ұлттық Теңге күнімен» шын жүректен құттықтай отыра, барша кітапхана оқырмандарына есігіміз әрдайым ашық, кітап жастардың ажырамас серігі, адал досы болуға тиіс» деген игі ниетін білдірді.

Тағы суреттер


Келулердің саны: 3475