Жоғары

Шет аудандық кітапханасы мен Ж. Ақылбаев атындағы мектеп – гимназиясының бірлесе ұйымдастыруымен мектептің мерекелік залында жергілікті ақын, ұстаз Тезекбай Амандықұлымен «Өзің, Өлең, жанымнан табылатын» атты әдеби кездесу кеші өткізілді.

...

Аталмыш шараға ақынның өмірдегі досы Қантай Асылбекұлы мектеп ұстаздары мен оқушылары және де аудандық орталық кітапхана ұжым мүшелері қатысты. Кешке жас ақын, кітапханашы Б.Д.Амангельдинов пен мектеп ұстазы Сәдуақасов Қаламқас Жұмағалиқызы жүргізушілік етті. Шара барысы көрерменнің ақынға деген ыстық ықылас қошеметімен басталып, экраннан ақын туралы бейнеролик көрсетіліп, кітапханашылар Шидербекова Бикен, Молдабеков Думан және мектеп оқушылары Қаратаева Мадина, Ниязова Әсем ақын өлеңдерін оқыды. Туған өлкесін отты жырларына қоса білген ақын, жүргізушілер тарапынан қойылған сұрақтарға ашыла жауап беріп өзінің өлең тағдырының бастауы мен өрбуінен сыр шертті Кешке арнайы келген ақынның досы Қантай Асылбекұлы сөз алып, ақынмен бірге жүрген қызық сәттерін естеліктерін айтып берді. Кітапханашы А. Исатаева ақын шығармаларына арналған «От жүректі ақын» атты кітап көрмесімен таныстырды. Сонымен қатар 10 сынып оқушысы Оралова Мерей әдемі ән шырқаса жас қаламгерлер Әлиев Данияр мен Оралова Мерей ақын аталарына арнап шығарған өлеңдерін оқыды.Кеш соңыңда қонақ кәде ретінде өлең сұралып көрермен сұрауы бойынша ақын кітап бетіне басылып үлгермеген жаңа жырларының тұсауын кесті. Шараның өтуіне ұйытқы болған мектеп ұстаздары Гүлден Сәбитовна, Жанагүл Акиповна барша қауымға алғыстарын білдіріп, ақынға шығармашылық шабыт тіледі. Кітапхана ұжымы атынан арнайы Алғыс хат пен естелік сыйлық және де мектеп ұжымы атынан ақынға сый сияпат көрсетіліп кеш түйіні ақынның өмірдегі досы Зәрубай Сүйіндікұлының «Ақсу – Аюлы» әнін мектеп оқушылары Төкенова Айгерім мен Абдибекова Ақеркенің орындауымен түйінделді.

Тағы суреттер


Келулердің саны: 3365