Жоғары

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің КММ ұйымдастыруымен ақын – жазушы С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына орай «Ақын есімі – ел есіңде» атты әдеби кеш өткізілді.

...

Кешті кітапханашы Б. Амангельдинов жүргізіп, оқырмандарға С. Торайғыровтың өміріне арналып дайындалған «Ақындардың сұлтаны» атты бейнеролик көрсетілді. Кітапханашылар: Б. Шидербекова Ақын өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, А. Исатаева «Алаштың дүлдүл ақыны» атты кітап көрмесімен таныстырды. Сондай – ақ кітапханашы А. Төлеукенова оқушылармен «Кім көп таниды» ойының ойнатса, Б. Амангельдинов «Ойлы болсан озып көр» атты интелектуалдық сайыс өткізді. Сайысқа Ж. Ақылбаев атындағы мектеп – гимназиясының оқушылары «Қыран» командасы мүшелері: Абдырахманов Абылай, Балғабай Абай, Амет Ақжол, Жарылқаған Аружан,Саят Аймира,Изат Гүлбаршын «Тек қана қыздар» командасында:Ахметбекова Алуа, Мұзафарқызы Ажар, Тілеубек Ұлпан, Жонкина Азиза. Рымқұл Асылжан, Беспаева Әлия қатысып, сайыс қорытындысы бойынша «Қыран» тобы сәл басымдықпен алға шықты. Кеш соңыңда ұстаздар Тәжібеков Серікбол мен Айғожина Асемге сөз беріліп, барлық қатысушылармен мен оқушылардың жетекшілеріне естелік сыйлықтар табыс етілді.

Тағы суреттер


Келулердің саны: 3497