Жоғары

Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 1 желтоқсан – Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздіктің нұры - тұңғыш Елбасы» атты тәрбие сағаты өткізілді.

...

Іс - шара бастамасы Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Шараны кітапханашылар А. Төлеукенова мен М.Құнанбаева жүргізіп отырды. Тәрбие сағатына Ы.Алтынсарин базасындағы мектеп – гимназиясының кітапханашысы А.Серікбайқызы, 7 сынып жетекшілері Ж.Рашидова, Ж.Амандыкова ұстаздар бастаған мектеп оқушылары мен кітапхана ішінен құрылған «Жансусар» поэзия клубының мүшелері қатысты.

Шара барысында Елбасы туралы бейнеролик көрсетіліп, «Президент – ынтымақ пен тұрақтылықтың кепілі» атты кітап көрмесімен кітапханашы А. Исатаева таныстырды. Келесі кезекте барлық оқырман қатысушылар әйгілі «Атамекен» әнің караокеде қосыла шырқаса, кітапхана жұмыскері Д. Молдабеков «Өз елім» әнің мерекеге шашу етті. Елбасы туралы сұрақтар жасырылған «Сиқырлы хат» ойыны ойнатылып, дұрыс жауап берген оқушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Шара соңыңда Ы.Алтынсарин базасындағы мектеп – гимназиясының кітапханашысы А.Серікбайқызына сөз беріліп, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді. Елбасы туындыларына арналған кітап көрмесімен оқушылар тағы да бір өздері танысып, естелік суреттерге түсті.

Тағы суреттер


Келулердің саны: 3620