Тарихи сағат барысын жасөспірімдер әдіскері Д.Жолдыбекова бүгінгі ғарышкерлер күнімен құттықтап ашты. Ғарыштың сырлы құпиялары туралы әдебиеттермен «Ғарыш аспан әлемі» атты кітап көрмесі қойылып кітапханашы Г.Ахтаева таныстырып өтті. «Ғарышқа самғаған саңлақтар!» атты слайд көрсетіліп, «Космос әлемі» атты қызықты викториналық ойындары ойнатылып оқырман студенттер белсенді қатысты.
Тарихи сағат аясында «Ұлтымыздың ұшқыш ұлдары» тақырыбы бойынша студенттер өзара пікір алмасты. Тарихи сағатты қорытындылай келе Агротехникалық колледжінің оқу ісінің меңгерушісі И.Т.Төлешовна студенттерді ғарышкерлер күнімен құттықтап, кітапханашыларға алғысын айтты.
Келулердің саны: 4180