Жоғары

«Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-де жоспардан тыс кітапханаішілік жобалар жазылып, қорғалды.

...

Жобаға қойылған талаптар: жастар жылы аясында және кітапханамен байланысты болуы керек. Осы жоба кітапхананың  әр бөлімдеріне жекелей, тақырыптары өз таңдаулары бойынша  берілді.

 Әдістеме бөлімінің жобасының тақырыбы «Шет өлкесінің жастары- ел намысын қорғаушылар». Өлкемізден  шыққан спортшылардың өмірдегі және спорттағы жетістіктерімен таныстыру, ел намысын қорғаушы аудан жастарының өнегелі өмірін өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі ету,кітапхана оқырмандарына насихаттау.

 Кітап қорын реттеп-жинақтау бөлімі «Дені сау ұрпақ- ел болашағы» деген тақырыпта. Жобаның негізгі мақсаты: жас ұрпаққа салауатты өмір мәнін түсіндіру, зиянды заттарды қолданудың алдын алу, белсенді өмірлік ұстанымдарды тәрбиелеу.

 Библиография бөлімі екі жоба қорғады. Алғашқысы: «Өлкеміздің 100 кітабы». Өлкеміздің ақын- жазушылары жайлы оқырмандарға мағлұмат беру, өлкетану бойынша анықтамалық –библиографиялық және ақпараттық жұмыстарды жүргізу.

 Библиография бөлімінің екінші жобасы «Латын әліпбиі –рухани дамудың кепілі». Кітапханалар жүйесіндегі латын қарпіне көшуге бағытталған іс-шаралар арқылы 2025 жылға дейін барлық көрнекілік құралдарын латын қарпіне ауыстыру,  оқырмандарды латын қарпінде оқып, жазуға дағдыландыру. 2025 жылға дейін кітапханамыздың латын әліпбиіне толықтай көшуіне дайындық жұмыстарын жасау.

 Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жобасы «Мейірімділік – асыл қасиет» деген тақырыпта. Мейірімділік сезімін қалыптастыру, адамдарға мейірімділік тікелей әлеуметтік көмек көрсету.

 Аудандық балалар кітапханасының тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат». Қазақ ертегілері жайлы оқып-білу; ертегілердің пайдасы туралы зерделеу; шетелдік мультфильмдердің зиянын зерттеу. Шетел мультфильмдерінің кейіпкерлері мен қазақ ертегілерінің кейіпкелерін салыстыра отырып, жеке тұлға қалыптастыру.Осы кітапхананың тағы бір жобасы « Латын әліпбиі: Жаңғыру –жазудан басталады». Оқырмандарға латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.

Аталған жобаға бөлімдерден тақырыптарына сай түрлі макеттер жасалыныпты.Осы жобалар кітапханада әлі де болса жыл бойы дәстүрлі түрде жалғасын табады.

Тағы суреттер


Келулердің саны: 3631