«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, насихатталды. Бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Әкелеріміз, апаларымыз, ағаларымыз ерлікпен Отанымызды қорғады. Еңкейген кәрі, өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, жері, Отаны үшін арпалысты. Кір жуып кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп жалын кескен ер азаматтар ешқашан ұмытылмайды. Ұлы Отан соғысына қатысқандардың есімі аңызға айналып, тарихта өшпес із қалдырды.
Ұлы Отан соғысына байланысты оқушылармен сұрақ-жауаптар алмастырылды. Кешті қорытындылай кітапханашылармыз оқушылар және оқырмандарымызға өзінің тілек лебізін білдірді.
Келулердің саны: 4484