Кеш барысын кітапханашы М.Құнанбаева 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні туралы мағлұмат беріп ,библиограф С.Аликулова «Азапты күндер кешегі» кітап көрмесіне шолу жасап таныстырып өтті. «Зарлы кезең зардабы» атты слайд арқылы кітапханашы А.Исатаева ақпарат беріп қуғын сүргін жылдарына тоқталып айтып өтті. Оқырман назарына Еркін Рақышевтың қуғын сүргін жылдары туралы «Ашаршылық »атты деректі фильмі көрсетілді. Тарихи кеш соңында Е.Кенжебаев, Т.Төселбаевтар оқырмандармызға ізгі тілектерін айтып, бейбіт өмір тіледі.
Келулердің саны: 3951