2 күнге созылған семинар
Маусым айының 28-29 күндері аудандық орталық кітапханада кенттік, ауылдық, орталық кітапханалардың кітапханашыларының қатысуымен екі күнге созылған «Ауылдық кітапханалар: даму бағыттары мен басымдықтары» атты аудандық семинар өткізілді. Семинардың бірінші күні барысында 6 ай ішінде өткізілген жылжымалы семинар туралы, кітапхана сайттары мен жалпы әлеуметтік желілерде кітапханалардың тіркелуі, қолданысы жайлы жалпы ақпарат айтылса, аудандық балалар кітапханасы клуб, үйірме жұмыстары аясында өз жұмыстарымен таныстырды. 2019- Жастар жылына орай барлық кітапханашыларға «Заманауи кітапхана- кітапханашы көзімен» деген тақырыпта жоба жұмыстарын ұйымдастыру тапсырма болып берілді. Келесі кезекте оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі ақиық ақын Сәкен Сейфуллиннің мерейтойына арналған «Рухтың мекені- қазақтың Сәкені» атты қонақжай әдеби кешін өткізді. Кешке ақынның әнін орындауға жергілікті күйші, сазгер Мұстафин Қайрат арнайы келді.
Семинардың екінші күні кітапханашылар жоспарға сәйкес берілген нашақорлыққа қарсы үгіт жұмыстары аясында «Нашақорлыққа жол жоқ» деген ұранмен флеш-моб ұйымдастырылып, спорттық ойындардан «Көңілді эстафета» өткізілді. Эстафетаға кітапханашылар түгел қатысып, жеңімпаз команда марапатталды.
Келулердің саны: 3454