Шет аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, орталық кітапхананың ұйымдастыруымен аудандық әкімдіктің мәжіліс залында «18-қазан Рухани келісім» күніне орай «Рухани келісім-бейбітшілік тірегі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс шараға аудан әкімінің орынбасары А.А.Абильдин, аудандық маслихат хатшысы Б.Т. Төлекқұлов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.М. Ақымжанов, Қарағанды қаласының «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің теолог маманы А.Қ. Абдрашев және ауыл тұрғындары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары А.А. Абильдин ашып берген соң, аудандық маслихат хатшысы Б.Т. Төлеуқұлов халық арасында татулық, бірлікті сақтап, түрлі бүлікшілердің арбауына түспей, бейбіт өмір сүруге шақырды. «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің теолог маманы А.Қ. Абдрашев дөңгелек үстелге жиналған жұртқа діни сауаттылық бойынша баяндама жасады. Қарамұрын жылжымалы кітапханасының кітапханашысы Амандаева Тюльпан «Рухани келісім» күні жайындаөз ойымен бөлісті. Шара барысында кітапхана қызметкерлерінің дайындағанбейне үзіктері, халық арасында «Рухани келісім күні туралы не білесіз?»деген сұрақ бойынша жүргізген сұхбаттары көрсетіліп, «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты кітап көрмесі таныстырылды.Дөңгелек үстел соңында «Өз елім» әні орындалып, жас ақын Толғанай Айтболатқызының әдемі өлеңін оқуымен аяқталды. Дөңгелек үстел өз мәнінде өте тартымды да қызықты өтті.
Келулердің саны: 7730