Жоғары

«Мен Еріктімін» атты кітапханалық квилт кеші өткізілді.

...

 23 қаңтар күні Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Еріктілер жылына орай «Мен Еріктімін» атты кітапханалық квилт кеші өтті. Шараның мақсаты Еріктелер жылы туралы ақпарат беру, таныстыру, насихаттау.  Шараға мектеп оқушылары, ұстаздар, агротехникалық колледж студенттері мен жетекшілері шақырылды. Аталған іс-шараны кітапханашы Г.Қ. Ермекбаева жүргізді.

Кітапханалық квилт кітапхана директоры М.С. Нурпеисованың құттықтау сөзімен басталды. Шара барысында «Волонтер» жайында кеңінен түсінік беріліп, тақырыпқа сай видео үзіктер көрсетілді. Волонтерлік қызметтің түрлерін  насихаттау мақсатында слайд көрсетілді. Шараға келген оқушылар мен студенттер арасында «Ерікті деген кім?» Ерікті дегенді қалай түсінесіз?» деген сауал қойылып, көңіл толарлық жауап алынды.  Іс-шара кітапхана жұмыскерлері Д.Молдабеков пен Ж. Бакеновтың орындауындағы әсем әнмен ұласты.  

Шара соңында кітапхана директоры М.С. Нурпеисова жиналған қауымға кітапхана қызметкерлерінің жасаған  «#12 айда, 12 жақсылық» атты жоспарын  таныстырып, жиналған қонақтарды игі іс жасауға шақырды. Жәнеде шараға келген қонақтарға жыл бойғы жасаған жақсылықтарын видео, суретке түсіріп, жыл соңында қорытынды шарада көрсету мақсатында флеш карта табысталды.

Агротехникалық колледж студенттерін бастап келген жетекші ұстаз Д.Төлеуов Еріктілер жылымен құттықтап, кітапхана ұжымына алғысын білдіріп, табыс тіледі. Шара қызықты да тартымды болып өтті.

 

 


Келулердің саны: 8133