1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай 30 сәуір күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен инстаграм желісінде, тікелей эфир арқылы, Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейінің қор сақтаушысы Баяманова Бархыт Мұратқызымен «Қазақстан ынтымақ пен достықтың кепілі» атты әдеби қонақжай кеші өтті. Тікелей эфир қонағы болған Бархыт Мұратқызы инста парқшамыздың оқырмандарына аудандық археологиялық-этнографиялық музей тарихына шолу жасап, 1 мамыр мерекесінде өткізіліп тұратын іс шара түрлері туралы жәнеде Қазақстан халықтары Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған жұмыстары жөнінде ақпарат беріп өтті. Эфир соңында қонағымыз барша оқырмандарымызды 1 мамыр мерекесімен құттықтап, аудандық кітапхана ұжымына алғыс білдірді. Эфир өз дәрежесінде өтті.
Келулердің саны: 2667