Жоғары

«Мәдениет мемлекеттіліктің мәйегі»

21 мамыр күні Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай орталық кітапхананың ұйымдастыруымен инстагарам желісінде тікелей эфир арқылы өнер қайраткері, әнші, күйші, сазгер, Шет аудандық Сыдық Мұхаметжанов атындағы өнер мектебінің ұстазы Мұстафин Қайрат Ермекұлымен «Мәдениет мемлекеттіліктің мәйегі» атты кездесу өтті. Тікелей эфирді оқырмандар қызықтап қарады. Сазгер өзінің өмір жолы, шығармашылығы, еңбек жолы туралы айтып өтті. Оқырмандарға қонақ кәде ретінде күй шертіп , тілек лебізін білдірді. Оқырмандар комментарий арқылы сазгерге деген тілек-лебіздерін білдіріп, сұрақтар қойды.   «Мәдениет жаңғырудың негізі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып таныстырылды. Эфир өз мәнінде қызықты өтті.

Төменгдегі сілтемелер арқылы тамашалай аласыздар:

https://web.facebook.com/BibliotekaShet/posts/2771948623026276

https://vk.com/id225397276?w=wall225397276_280%2Fall

 https://www.instagram.com/tv/CAcCoZHJbSO/?igshid=9lxdnf2p06gx

 


Келулердің саны: 2515