Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырумен инстаграм желісі арқылы тікелей эфирде 31 мамыр саяси қуғын- сүргін құрбандары күніне арналған «Зұлмат жылдар жаңғырығы» тақырыбында сұхбат жүргізілді.
Тікелей эфир қонағы өлкеміздің тарихшысы, өлкетанушы, қаламгер жазушысы Кәмел Жүністегі.
Сұхбат барысында жазушыға қуғын - сүргін , ашаршылық жылдары жайында сұрақтар қойылып , толық қанды жауап алынды. Жазушы аудан орталығында орналасқан қуғын сүргін сүргін құрбандарына арналып қойылған ескерткішке қосқан үлесі жайында әңгімелеп берді.
Ашаршылық кезіндегі заман мен бүгінгі заманды салыстыра отырып келешек ұрпаққа өсиет айтты. Тікелей эфир өз мәнінде өтті. Видеоның толық нұсқасын төмендегі сілтемелер арқылы көре аласыздар.