Жоғары

"Оқ пен от арасындағы Баубек хаттары" тарихи - әдеби кеш

@unirek.lib
2021 жылдың 29 қаңтар күні аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен​ Б. Бұлқышевтың 105 толуына орай Үңірек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Адуова Гүлнар Ербекейқызымен «Оқ пен от арасындағы Баубек хаттары» тақырыбында​ инстаграм желісінде, тікелей эфир арқылы онлайн тарихи-әдеби кеш өтті. Кеш барысында Үңірек кітапханасының кітапханашысы Адуова Гүлнар ​ «Ер өлмек емес ешқашан» тақырыбында Б. Бұлқышевтың өмірі мен шығармашылығы жайында ақпарат берді. Кітапхана оқырмандары Масабаев Рахметолла, Ахметова Файзат Б. Бұлқышев туралы​ естеліктерін оқып, Серік Алия «Жауынгер» өлеңін Сапуанова Гүлсана «Достық» өлеңін Досжанова Саулет «Оқушы жыры» өлеңін мәнерлеп оқып берді. Аудандық кітапханасының кітапханашысы Медеубекова Алтынайдың дайындаған «Қару мен қаламды қатар ұстаған» атты видеосюжет көрсетілді.

https://vk.com/id225397276?w=wall225397276_383%2Fall

https://www.facebook.com/100006334969441/videos/2997200367167766/

https://www.instagram.com/p/CKn7ZALn45g/


Келулердің саны: 621