Кештің өту барысында,оқырмандарға ақынның жүріп өткен жолдары оның еңбектері мен шығармалары жайлы кеңінен айтылып әңгімеленді.
Кештің қонағы болып Батық ауылдық кітапхананың кітапханашысы Жеміскүл ханым қосылып, оқырмандарына ақынның өлеңдерін оқытып Мұқағалидің өзінің даусымен айтылып жазылған өлеңдерін аудио нұсқасы арқылы тыңдатып көрермендерді бір ғажап күйге бөледі.
Кештің ортасында ақынның кітаптарына саяхат жасалып, кітап көрмесімен таныстырылып, аудандық кітапхананың оқырмандарының қатысуымен ақынның сөзіне жазылған ел ішіндегі әндер орындалып ақынның өлеңдері оқылып жанданды.
Сөз соңында, ақынның сөзі өлмесе, өзі өлмегені деп Мұқағалидың мәңгі тірі екендігі айтылып, ақынның артында қалған жалынды жырларын жаттауға оны болашақ мәңгі ұмытпауға үндеу жасалып,осындай сәнді де мәнді, жалынды жыр кештерінде жүздескенше деп қортындыланды.
https://vk.com/id225397276?w=wall225397276_388%2Fall
https://www.facebook.com/BibliotekaShet/videos/3003476273206842
https://www.instagram.com/p/CLERusZnpjd/
Келулердің саны: 196