Жоғары

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ!

...

Бүгін Шет аудандық кітапханасында «Парасат жолы» орталығы сонымен бірге, ауданға қарасты ауылдық елді мекендердегі 26 кітапханада бір мезетте «Парасат жолы» бұрыштары ашылды.

Кітапхана ордасындағы орталықтың ашылу салтанатына (елдегі карантин талаптарын сақтай отыра) аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдин, ауданның әдеп жөніндегі уәкілі Ш.Жүніс, ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Ахмедия, аудан прокуратурасының прокуроры Ж.Құдайберген, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, аудандық «Шет шұғыласы» газетінің редакторы М.Сәдуақасов, аудандық «Жаңғұтты би» атындағы орталық мешіттің бас имамы Б.Махамбетчин арнайы шақырылса, қалған кітапханашылар онлайн форматында қатысты. Кітапхана ордасына келуші қонақтар алдымен адалдық, адамгершілік туралы ұлылардың шығармаларынан құрастырылған кітап көрмелерімен танысып, »Парасат жолы» орталығының лентасын қию мәртебесі аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдин мен «Жаңғұтты би» атындағы мешіттің бас имамы Б.Махамбетчинге берілді. Шара барысында «Парасат жолы» туралы жадынамалар таратылып, Абайдың 6-шы қара сөзіне дайындалған бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, онлайн «Zoom” платформасы арқылы Төменгі Қайрақты, Киікті, Бұрма ауылдық кітапханалары «Парасат жолы» бұрыштарының ашылу салтанатымен бөліссе, орталықтың мүшесі А.Нұрахметов парасаттылық тақырыбындағы жыр жолдарын нақышына келтіре оқыды. Жылы лебіздер мен пайымды пікірлерге толы шарада орталықтың алдағы жұмыс жоспары таныстырылып, зиялы қауымның талқысына салынды.

 «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ!

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ!

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ!

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ!

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ!

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ!

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ! 


Келулердің саны: 290