Жоғары

«Айбынды әскер - егеменді елдің берік қалқаны» атты ерлік сағаты өткізілді.

Парасат орталығы аясында Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 6 мамыр күні сағат 11:00 де zoom платформасында онлайн түрде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған «Айбынды әскер - егеменді елдің берік қалқаны» атты ерлік сағаты өткізілді. Іс-шарамызға аудандық, ауылдық кітапхана қызметкерлері, кітапана оқырмандары және Қазақстан Республикасының Қарулы күштер ардагерлері, ауданымыздың ардагерлер алқасының төрағасы, Ы.Алтынсарин мектебінің АӘД пәнінің жетекшісі қатысты. Іс-шарамыздың қонағы Қарағанды облысы, Шет ауданының «Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім» бастығының міндетін атқарушы, капитан Абдуллин Ермек Мадиярұлы. Шарағы қатысушы қонағымызға әскер жайында сұрақтар қойылды. Шара барысында ауданымыздың ардагерлер алқасының төрағасы Кенжебаев Егінбай ақсақал, Қазақстан Республикасының Қарулы күштер ардагері Беспаев Айдар Бірлесұлы, Ы.Алтынсарин мектебінің АӘД пәнінің жетекшісі Тойымбеков Жанат Алгазинович құттықтау сөз сөйледі. Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Нәрік Саяжан, Тезекбаев Нұрғанат өлең оқыды. Шара соңында Ермек Мадиярұлы өскелең ұрпаққа тілек лебізін білдіріп, Отан алдындағы борышын адал атқаруға шақырды.
#7мамырОтанқорғаушыларкүнікітапханаоқырман

 


Келулердің саны: 1548