Жоғары

Библиопост Қапан Мусин

Библиопост
Қапан Мусин – қазақ топырағында симфониялық шығармаларды дамытқан композиторлардың бірі. Туындыларының негізгі арқауы Отан, еңбек адамдары болды. Анасының өлеңдеріне ән-романстарды жазды. Атақты композитор, ҚазКСР-нің халық әртісі Латиф Хамиди оның шығармашылығына «Қапан Мусиннің мұрасы халқымыздың мол мәдени байлығына қосылатын қымбат қазына» деп баға берген.

Мусин Қапан Әубәкірұлы​ (1 қаңтар​ 1921,​ Батыс Қазақстан облысы​ Жәнібек ауданы​ Асуба​ ауылы –​ 21 сәуір​ 1970,​ Алматы) – композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері​ .Мусиннің анасы – халық ақыны​ Халима Өтеғалиева​ баласын жастайынан өнерге баулыған.

1934 ж. Алматы музыкалық училищесін (И.Лесманның скрипка класы бойынша) бітірген.

1939 ж. Мәскеу консерваториясының қазақ студиясына қабылданды.

1940 ж. осы консерваторияның композиторлық бөліміне ауысты.​ 2-дүниежүзілік соғысқа​ қатысқан.

1943 – 1953 ж. Қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестріне дирижерлік етті.

1954 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясының композиция факултетін (профессор Е.Г. Брусиловскийдің композиция класы) бітірді.

1954 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы мемлекеттік консерваториясында (композиция кафедрасында, 1961 – 1970 ж. фольклор кабинетінің меңгерушісі) ұстаздық қызмет атқарды.

Мусин қазақ композиторларының арасында алғашқылардың бірі болып симфониялық шығарма жазды.​ 

Композитор шығармашылығының дені симфониялық шығармалар, тақырыбының негізгі арқауы – Отан, еңбек адамдары. “Жайлауда” (1948), “Халықтар бақыты” (1953), “Колхоз тойы” (1953), “Мерекелік” (1965) симфониялық поэмалары, 3 симфониясы (І – “Гүлденген Қазақстан” – 1961, ІІ – 1963, ІІІ – 1970); “Тың туралы кантата”, “Сейфуллин туралы поэма-баллада” атты музыкалық хореграфикалық композиция, ұлт аспаптар оркестріне арналған поэмасы, шекті аспаптарға арналған 2 квартет, скрипка мен фортепьяно үшін И.В. Панфиловқа арналып жазылған сонатасы, т.б. камералық, драмалық қойылымдарға жазған музыкалары қазақ музыкасының озық үлгілері болып табылады. Сонымен қатар, Мусиннің камералық, вокалдық-хор, ән-романс жанрларында жазылған шығармалары ел ішіне, кәсіби музыканттар арасына кеңінен тарады.


Келулердің саны: 322