Жоғары

«Көп жасаған қария-ақылы теңіз дария»

30 қыркүйек Қарттар күні қарсаңында орталық кітапханада «Көп жасаған қария-ақылы теңіз дария» тақырыбында әдеби-вернисаж өтті. Шараға карантин талаптарын сақтай отырып, оқырман қарттар шақырылды. Іс – шара кітапхана директорының құттықтау сөзімен басталды. Әдеби-вернисаж барысында қарттармен түрлі ойындар ойнатылып, кітапхана қызметкерлері қонақтарға арнап өлең оқыды. «Қарттарым асыл қазынам» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды. Кітапхана қызметкері Д. Молдабеков қарттардың құрметіне ән орындады. Қарттарымыз караокемен ән шырқап, би биледі. Іс – шара жоғары деңгейде өтті.

 

         


Келулердің саны: 232