Жоғары

Семинар

 Ағымдағы жылдың 10,11 қарашасы күні Шет аудандық орталық кітапханада «Кітапханада дәстүр мен жаңашылдықты сақтай отырып, заманға сай ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету» атты практикалық семинар ұйымдастырылды. Семинарға аудандық кітапханаға қарасты ауыл, кент кітапханашылары қатысты. Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, өзара іс – тәжірибе алмасу, библиографиялық қызмет түрлерін меңгерту мақсатында өткізілген семинарды кітапхана директоры М.Нурпеисова ашып жүргізіп, библиограф кітапханашылар  Н. Балдақова  Веб Рабис бағдарламасына мақалалар еңгізу, Н.Әбенова өлкетану құжаттарын цифрлау,С.Алимкулова виртуалды сұрақтар мен жауаптар беру тақырыптарында ақпараттар беріп, кітапханашылармен практикалық жұмыстар жүргізді. Семинар соңында өткізілген шара бойынша талқылау жасалынып, кітапхана директоры ауыл, кент кітапханашыларына тапсырмалар берді.

   


Келулердің саны: 245