Жоғары

Елбасы-ел тірегі тақырынба кітапханалық квилт

 «2021 жыл Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай 29 қараша күні Шет аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Ы. Алтынсарин атындағы мектеп жанындағы интернатта «Елбасы – ел тірегі» тақырыбында кітапханалық квилт өткізілді. Іс шара барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы мағұлматтар беріліп, экраннан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері, балалық шағынан шағын бейнеролик және слайд көрсетілді. «Президент ынтымақ пен тұрақтылықтың кепілі» атты кітап көрмесі таныстырылды. Шараға қатысушы оқушылар Тұңғыш Президент туралы ойларымен бөлісіп, өлең шумақтарын оқып, викториналық сұрақтарға жауап беріп өз өнерлерін ортаға салды.

     


Келулердің саны: 608