8 желтоқсан күні Шет аудандық орталық кітапханада «2021 Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында интеллектуалдық сайыс өтті. Интеллектуалдық сайысқа Шет агротехникалық колледжінің студенттері мен «Жансусар» шығармашылық клубының мүшелерінен құралған 4 топ қатысты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне байланысты сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Топтардың тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру деңгейін әділ қазылар алқасы бағалады. Сайыс қызықты да тартысты өтті. Шараhttps://www.instagram.com/p/CXQhhh6MkUA/?utm_medium=copy_link соңында әділ қазылардың бағалауы бойынша топтар «Бас жүлде», «І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар» мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Келулердің саны: 998