Жоғары

«Үздік кітап көрмесінің дизайны»

 Шет аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен«Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында «Үздік кітап көрмесінің дизайны» атты онлайн форматта аудандық кітап көрме байқауы өтті. Байқауға Шет аудандық орталық кітапханаға қарасты кент, ауыл кітапханаларының барлық қызметкерлері қатысты. Байқауға қатысушы кітапханашылар арнайы түсірген кітап көрмесін бейнеролик арқылы аудандық орталық кітапхананың @shet.library парақшасын белгілей отыра ## Үздік кітап көрмесінің дизайны# хэштегімен әр кітапхана өз әлеуметтік парақшасына орналастырды. «Туған жер» жобасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Табиғаты көркем – таңғажайып өлкем» аудандық сурет онлайн байқауы өткізілді. Байқауға ауылдық және кенттік кітапханалардың оқырмандары қатысты.
Ұсынылған жұмыстарды бағалау және байқаудың қорытындысын шығару үшін арнайы комиссия құрылып, байқау қорытындысын шығарып, жеңімпаздар аудандық орталық кітапханада (офлайн) дәстүрлі форматында арнайы диплом және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

        


Келулердің саны: 287