Жоғары

«Қара өлеңнің һас шебері»

   «Парасат жолы орталығы» аясында инстаграм желісі арқылы тікелей эфирде өлкеміздің айтулы ақыны, мәдениет және бұқаралық ақпарат салаларында қажырлы қызмет атқарған айтыскер абзал азамат Саябек Айнатайұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Қара өлеңнің һас шебері» тақырыбында әдеби вернисаж өтті.                                                                                                              Шараның сыйлы қонағы ақынның өмірлік жары, ұлағатты ұстаз Тиштық Нұрбекқызы болды. Тиштық Нұрбекқызы ақынның өмірі, қызметі, шығармашылығы жайында сөз қозғады. Шара барысында ақынның қайтыс болғаннан кейінгі шыққан кітабы жайлы әңгімелеп берді. Қонақтан «қонақ кәде» сұралып, ақынның арнау, өлеңдері эфир барысында оқылды. Шара өз деңгейінде өтті.

 

   https://www.instagram.com/shet.library/tv/CYD9_-zIq-H/?utm_medium=copy_link

 


Келулердің саны: 256